Алмагүл Жұмажанқызы

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.

Автор туралы

Алмагүл Алтайдың - Жеменей ауданында, белгілі ақын, мәдениет қайраткері Жұмажан Әбілғазыұлының шаңырағында, 1965 жылы 1 тамызда дүниеге келген. Әке өлеңін жаттай жүріп әдебиетке әуестенген ол табиғат тарту еткен ақындығы арқылы халыққа танылып келеді.

Ақын Алмагүл 1998 жылы Шыңжаң өнеркәсіп институтының химия-өнеркәсіп факультетін бітіріп, ШҰАР химия-өнеркәсіп мекемесінің Сілті заводына қызметке орналасады. Ол техниканың тетігін меңгере жүріп, ірі химиялық құрылысты жобалайтын, жүргізетін, басқаратын әкімшілік қызметтің де биігінен төбе көрсетті.

Алмагүлдің тұңғыш туындысы 1980 жылы «Алтай аясы» журналының 2-санында «Отаным», «Мектебім», «Ұстазым» деген атпен жарияланды. Содан бері 700-ден астам өлең, толғаулары жарық көрді. 2003 жылы Орталық Ұлттар баспасынан «Бойтұмар» және 2007 жылы «Ғашықтық ғаламаты», ал, Қазақстаннан 2005-жылы «Алау арман», «Алыстағы бір күн» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Шыңжаң халық баспасында «Жүрек жарды» атты өлеңдер жинағы мен «Замандастарым» атты үш томдық романы басылым күтуде.

2006 жылы Шыңжаң-ұйыр автономиялы районы бойынша тұңғыш «Жастар әдебиеті» сыйлығына ие болған. Шығармалары ханзу, ұйғыр, моңғол... т.б. тілдеріне аударылды.

Алмагүл Жұмажанқызы Жұңго азсанды ұлт әдебиетшілер одағының, Шыңжаң Жазушылар одағының мүшесі.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Өлеңдері