Жерге түс
Бұл бетте «Жерге түс» атты Алмагүл Жұмажанқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көз алдымнан кетпей қойды елесің,
Көл айдыны тербетеді кемесін.
Көк келбеті керім көрік көрсетті,
Жұлдыздармен орап алып денесін.
Тамылжыған таңда арайлы жел ессе,
Миығымда сенің демің емес пе.
Мөлдір бұлақ таңдайымды жібітсе,
Шөл қандырар назды үнмен сен есте.
У-шуынан мезі болып жол сұрап,
Шаң тозаңы тоздырса да қолқаны ап.
Аспан асты, жердің үсті сен барсың,
Көңіл күймен күмбірлейді шар тарап.
Налымаймын сағыныштан сарғайсам,
Ән әуенмен оятады торғай таң.
Жасырғанмен саған айтар жан сырды,
Жыр жүрегім күллі әлемге айғай сал.
Аспанды қой,
Жерге түс деп,
Айға айтам.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі