Әйел деген
Бұл бетте «Әйел деген» атты Алмагүл Жұмажанқызы жазған әйел туралы өлең берілген.
Жазмыш берген табиғатым қыз қылықты,
Ізетпен іс тындырар тыңғылықты.
Әйел деген атымен жасый-жасый,
Талай жалын жігерін сындырыпты.
Ана мейірі-күншуақ сиынғаным,
Күллі әлемді қиялмен шиырладым.
Әйел әдеп аттамас бұл тағылым,
Тиылғаның мән-мазмұн бұйырғаның.
Айғай салып айта алмайсың діл дыбысын,
Тағдырыңа таңылдың ба, құрыды мысың.
Біреуге қол жетпейтін армансың да,
Ал, біреудің майлығысың, сулығысың.
Сұлусың, сымбаттысың, сырлы мүсін,
Еркек-су, жер шарының сен құрлығысың.
Су санқилы өзгеріс таба алады,
Сен тек үнсіз ашылған қыр гүлісің.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі