Түс - түлкінің қиы ғой
Бұл бетте «Түс - түлкінің қиы ғой» атты Алмагүл Жұмажанқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Минут...минут ұзарады зарыққанға,
Өрісі тар тіршілік тар ұққанға.
Жаның жылап жүрегің жабыққанда,
Атпай қояды сызданып жарық таң да.
Сағым сана сарпалдаңға түсіргені,
Қорқынышты құбылыс түсімдегі.
Қараңғы қалтарысқа жасырынып,
Үрей буған бейбақты мүсіркеді.
Мүлгіп аспан түн тірлік сыр айтады,
Үркер жылжып жамбасқа құлай салды.
«Бұл күндер де өтіп кетеді» деген нақыл,
Сенім беріп үмітімді тыңайтады.
Түс түлкінің қиы деп кім айтады?!
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі