Денесі құрлық, басы шың
Бұл бетте «Денесі құрлық, басы шың» атты Алмагүл Жұмажанқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жасаған ем тірлігіме бір кесім,
Қымтап жауып қиялымның іргесін.
Бақыттымын күпіршілік адыра,
Өйткені сен бекіміммен біргесің.
Ғұмыр талай тарпаң мінез байқатқан,
Аһылатқан, үһілеткен, шаршатқан.
Жер шарымен бірге барады домалап,
Арман ғарыш адастырмас аңсатқан.
Арман солай аспан кеткен аралап,
Қарсы алады күнмен күлген бар алап.
Тұрағыма биіктен көз саламын,
Сағынатын жүректерді саралап.
Содан...содан сені таптым,бақытым,
Тоса....тоса толтырдым да уақытын.
Жаны жарқын жадырасын жан біткен,
Асау өзен арнасында тасысын.
Мен іздеген ұлы арман –
Денесі құрлық, басы шың.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі