Мінсіз әлем болған емес қашанда
Бұл бетте «Мінсіз әлем болған емес қашанда» атты Алмагүл Жұмажанқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жылауға да, болар еркін күлуге,
Неге мұқтаж тірлік түмен білімге.
Мінсіз әлем болған емес қашанда,
Нағыз өнер мінсіз өмір сүруде.
Әр күніңде сұраулы сәт сынағы,
Ақыл-зерде қиянаттан қырағы.
Ұясына күн ұялып батқанмен,
Таңда тағы тап-тазадай шығады.
Көмескі сыр кібіртіктер көңілде,
Күдік құрсау күлгірсиді сенімге.
Мінсіз әлем болған емес қашанда,
Мінсіздігің – ақ өліммен өлуде.
Қынжылмағын хикіметті тіршілік,
Күмілжіме күрескенде күрсініп.
Екі өмірдің кереметін силайды,
Пәктікке һәм ізгілікке құлшылық.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі