Отызымда

Бұл бетте «Отызымда» атты Гүлнәр Уәлиоллақызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Отызымда кезіктім,
Отызымда еліктім.
Махаббатты тұп-тұнық,
Отызымда сезіппін.
Отызымда жылындым,
(Сырын білген бұрын кім).
Албырт емес, ап-анық,
Отызымда сүріндім.
Отызымда от көрдім,
Тағы отыздан шектелдім.
Армандадым сонда мен,
Бейбіт күнін кептердің.
Отыздағы жырымның,
Сезе алады сырын кім?
Қаумалама қалай деп,
Отыздағы біріңмін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері