Қолымда тұрады сонда
Бұл бетте «Қолымда тұрады сонда» атты Гүлнәр Уәлиоллақызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таңның ақ сәулесі,
Төгілді жүзіме айдай.
Сезімім түнге тығылды,
Құмары қанбай.
Таңның ақ арайы,
Аймалады бүкіл денемді.
Көңілім көлдей толқып,
Сергимін мен енді.
Күннің нұр шұғыласы,
Сүйеді ақ маңдайымнан.
Кетпейді түнгі қызықтың,
Бал дәмі таңдайымнан.
Кештің қызыл шапағы,
Батады қимай жанарымды.
Көре алмай маржандай тізіп,
Жұлдызды таңдарымды.
Жұлдыздан төгілер нұр боп,
Ғаламат сұлулық маған.
Қолымда тұрады сонда,
Құбылып ғалам.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі