Әлегімен жүрсем де отбасының

Бұл бетте «Әлегімен жүрсем де отбасының» атты Гүлнәр Уәлиоллақызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Дариға-ай, өлең қайда, өзім қайда?
Кездестім әлде қандай тосын жайға.
Жаныменен жаныңды түсінетін,
Керек екен бір пенде осындайда.
Оспақталып ойменен қалғандаймын,
Алтын уақыт өткенін аңғармаймын.
Айдын көлдің ақ ерке аққуындай,
Еркін күнді әйтеуір армандаймын.
Кім кінәлі, бәріне ата-анам ба?
Жо, жоқ өзім олардан бата алған да.
Есейгенде, масқара-ай, енді білдік,
Бір ауылға келін боп аталғанда.
Енді алсам да тізгінін ат басының,
Алдырмадым жанымның жатқа сырын.
Өзіме серт, жүремін өлең ойлап,
Әлегімен жүрсем де отбасының.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері