Алмалы сай
Бұл бетте «Алмалы сай» атты Гүлнәр Уәлиоллақызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(ән сөзі)
Сағындым, Алмалысай, шатқалыңды,
Сағындым арайланған ақ таңыңды.
Аяулым, білесің бе, білмейсің бе?
Сені ойлап сары белде жатқанымды.
Сағындым, Алмалысай, шуағыңды,
Сағындым тұнық тұма бұлағыңды.
Төгілген шалғыныңа меруерттей,
Арнаймын бір өзіңе жыр-әнімді.
Сағындым, Алмалысай, тобылғыңды,
Толқытқан көк теңіздей көңілімді.
Па шіркін, ақ желкенді армандар-ай,
Жанымды сағынышқа шомылдырды.
Алмалысай, Алмалысай,
Артымда алыс-алыс қалғаның-ай.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі