Хат
Бұл бетте «Хат» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жұмып кейде жанарымды нұр сiңген,
Сырласқанда арман атты тылсыммен.
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел
Елеңдеймiн сен шығар деп күрсiнген.
Ғашық жанды әлдилейтiн ән керек,
Ғашық жанның басындағы хал бөлек.
Жаңбыр жауса тырсылынан оянам,
Iздеп келiп, есiк қаққан сен бе деп.
Қашан болсын қайғы көрмей, жүр аман,
Тағдырдан мен басқа тiлек сұраман.
Күн астында сыңғырласа күмiс су,
Сенiң күлкiң естiлгендей қуанам.
Бiле бiлсең өмiр деген өткiншi,
Аз ғұмырда көп қуаншы, көп күлшi.
Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн
Көздерiңе ғашық болып өтсiншi!
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі