Қызғалдағы самсаған

Бұл бетте «Қызғалдағы самсаған» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қызғалдағы самсаған,
Қыз көйлектi гүл бақта
Үндемейiн мен саған,
Сен де маған тiл қатпа.
Мейлi, көздi жауласын,
Үзбе, тиме гүлге де.
Таң бұлбұлы сайрасын,
Сәл сабыр ет, үндеме.
Жаспыз әлi,
демек бiз
Үлгi алайық гүл, жырдан.
Гүлден нәзiк емеспiз,
Әншi емеспiз бұлбұлдан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері