Атыңды сенiң өшiрiп едiм
Бұл бетте «Атыңды сенiң өшiрiп едiм» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Атыңды сенiң өшiрiп едiм,
Тақырыбынан жырымның,
Мың тақырып боп,
Асылым менiң,
Кеудемде қайта тiрiлдiң.
Өзiңдi мәңгi ұмытсам дегем,
Ұмытқаннан соң сен менi.
Жүректi тас қып құлыптамақ ем,
Қолымнан ол да келмедi.
Ұмытсам деп ем
Бұрымыңды да,
Көбелек қонған ұшына,
Ұмытсам деп ем қылығыңды да,
Жымиып күлер қысыла.
Сезiм мен ойдың ара салмағы
Нелiктен бұлай бұзылды?
Кейде мен
Қайда қарасам дағы
Көремiн сенiң жүзiңдi.
Сонау бiр жылы
Бақта ұрлана
Сүйiсiп келiп басқамен,
Суретiң, тiптi хаттарыңды да,
Паршалап жыртып тастап ем.
Бағаңды түбi сездiрерiңдi
Кеш бiлдiм,
Ендi бөтенмiн...
Байқамай сонда өз жүрегiмдi
Паршалап жыртқан екенмiн...
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі