Даланың дымқыл тұманы
Бұл бетте «Даланың дымқыл тұманы» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Даланың дымқыл тұманы
Сипайды баяу бетiмнен.
Жартыкеш көңiл тынады
Қанттай болып кетiлген.
Сидиып қалған сұр бұтақ
Жел соқса көктi көсемек.
Жыртық бұлт аспан тұр жұтап,
Ошағы сөнген не себеп?
Көңiл де көкке ұмтылмас,
Қанаты су боп қалған ба?
Барады-ау өтiп шiркiн жас,
Қол жетпей талай арманға.
Қоштасу деген оңай ма,
Жауапсыз қалды-ау жалқы «хош...»
Алайда, жаным, қалайда,
Өзiңсiз жаным – жартыкеш..
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі