Ноқталай көрме сезiмдi!
Бұл бетте «Ноқталай көрме сезiмдi!» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ноқталай көрме сезiмдi!
Сезiмдi шектеп не ұттың?
Шалығы деме сөзiмдi
Әсiреқызыл желiктiң,
Келедi менiң сенi ұққым!
Сүюдiң ыстық сертiнен
Айныған жандар аз емес.
Тiленiп тапқан дертiнен
Қашатын құлға жаза кес!
Сезiмiм менiң – серi өзен,
Тау менен тастан қайтпаған.
Сусасаң, кепсе кенезең
Сырыңды бүкпей айт маған!
Ашынғандаймын қамшы жеп,
Көкейде жатыр сөз қайнап.
Мөлдiреп, жалғыз тамшы боп,
Дидарың қалды көзде аунап.
Бойыңдағы оттың ұшқынын
Күлменен қымтап болар ма?
Ықыласыңның ыстығын
Суыта алмасын боран да!
Ноқталай көрме сезiмдi!..
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі