Өрт
Бұл бетте «Өрт» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өршiген өрттi сөндiрем деген,
қарлығаш құстың ниетiн,
көңiлде көлiм мөлдiреуменен,
жан едiм жастан сүйетiн.
Көрдiм де сенi, қарындас, түстiм,
өршiген өшпес бiр отқа,
ешбiрi маған қарлығаш құстың
сеппедi су кеп, бiрақ та.
Беретiн емес көкiрегiм бой,
өртендiм, жандым, өзгердiм,
сен жоқта, жаным, соқыр едiм ғой,
бекер-ақ маған көз бердiң.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі