Шыбынымды шырқыратып сен кеттiң

Бұл бетте «Шыбынымды шырқыратып сен кеттiң» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шыбынымды шырқыратып сен кеттiң,
шылымымды бұрқыратып мен қалдым,
шәрбатыңа шөлдеттiң,
шөлдетердей неңдi алдым?
Қоңырауың тынышымды алып барасың,
омырауым шым-шым еттi оқ теспей,
көз қиығын саласың,
өз күйiгiм жетпестей.
Қара көздi төңкердiң де наздандың,
бала кезгi үркектiгiң аз мүлде,
өртенуге аз қалдым,
өртейтiндей жаздым не?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері