Сабырға шақыру
Бұл бетте «Сабырға шақыру» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күн мен Айдан ұят болар, бауырым,
Кетерің бар бұлт құсап та күркіреп.
Бар ғаламға жетпейді ғой жарығың,
Неғыласың көкке сонша күлкі боп?!
Талант-тейің бар да шығар бір ердей,
Бірақ, достым, көп мақтаннан бақ қайда? –
Нұр иесі Күн мен Ай да шіренбей,
Туа салып, батып кетіп жатпай ма?!
Күтім сүйер гүлден нәзік жас қалам,
Сабаңа түс, көнші сен де ыңғайға. –
Тым биіктеп кеткеніне басқадан –
Күн қызарып,
Ай бозарып тұрмай ма?..
10.12.1984 ж.
Алматы
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі