Егінші

Бұл бетте «Егінші» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кісімсіп, сірә, кісі боп
Көрмеген бір шал болатын.
Бөгде бір іспен ісі жоқ,
Егінін, шөбін оратын.
Еңкейіп қана күн кешті,
Шалқайып, тіпті, көрген жоқ.
Сан бейнет шалға мінгесті,
Мұң шақпас жанға пендең боп.
Құлақ сап жырақ бір үнге,
Жүрегі жүрді жиі ұрып.
Қалыпты шалың бүгінде
Шалғы орақ құсап иіліп.
Өңірді ғана деме сен,
Шалғыдай орып күз жетті...
Егінді ғана емес ол,
Өмірді жерден іздепті.
...Мехнат қанша қол салды
Жүрек пен арман, сөзіме –
Еңкейіп өткен сол шалды
Ұқсатам кейде өзіме.
Өкпелей көрме, ардағым,
Көкке емес, жерге үңілсем, –
Бар ма бір менің арманым,
Жыр орып жүріп бүгілсем?!.

10.12.1984 ж.
Алмат


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері