Қанатты шаналар
Бұл бетте «Қанатты шаналар» атты Алпысбай Әбділұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Берік, Серік, Мұрат та,
Әсет пенен бар Талап.
Шықтық біздер қыратқа,
Шанамызды арқалап.
Шексіз, шетсіз ақ әлем,
Ауа қандай – тым ғажап!
Зуылдадық шанамен,
Тептік біздер сырғанақ.
Қырау тұрды кірпікке,
Қоныш толды күртікке.
Құлдиладық төменге,
Мінгендей-ақ бүркітке.
Қызанақтай бетім де,
Қызарды ғой құлағым.
Қимай тұрмын кетуге,
Қызығын-ай мынаның!
Сағынып та тұрғам жоқ,
Үйдің ішін, шырағым.
Сұрамай-ақ қойса екен,
Үй жұмысын мұғалім…
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі