Әкеге құрмет

Бұл бетте «Әкеге құрмет» атты Алпысбай Әбділұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әкем келсе жұмыстан,
Мен есіктен қарсы алам.
Жарамайды тырысқан,
Алақайлап қол соғам.
Құлақшынын әкемнің,
Киіп алдым басыма.
Шәркейін де әкелдім,
Аяғының астына.
Қолғабыс қып табанда,
Құрметтеймін жалпы өзім,
Лып еткізіп алам да,
Іліп қоям пальтосын.
Су құямын қолына,
Орамалды ұсынам.
Қағады да жоныма,
Иіскер самай тұсымнан.
Қарамаймын әліме,
Жалқаулыққа берілмей.
Әкем үшін бәрін де,
Істей берем ерінбей.
Ол көреді мені артық,
«Сендей бала жоқ»,- деп те!
Әкем мені демалтып,
Барса, шіркін, мектепке!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері