Ерке
Бұл бетте «Ерке» атты Алпысбай Әбділұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Онға толған Еркебек,
Қоймай-ақ жүр еркелеп,
Кетіп бара жатады,
Әкесінің мойнында.
Тәтті ұйқыға батады,
Анасының қойнында.
Тамақ ішті әлгінде,
Онысы ұзақ әңгіме.
Қырысты да тырысты,
Қатты деді күрішті,
Татты дағы жылады,
Ащы екен деп бұрышты.
Еркелікке тоймапты,
Майлы деді қаймақты.
Ауырған соң азуы,
Нанды әкесі шайнапты.
Суық деді сорпаны,
Ыстық деді ботқаны.
Ештеңені ұнатпай,
Құр еркелеп отқаны.
Анасына бүй деді:
Суға сүтті құй деді.
Орындады анасы,
Қас-қабағын түймеді.
Қалқиды да құлағы,
Болмас істі сұрады.
Сүтті судан айыр деп,
Жер тепкілеп жылады.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі