Құндылық
Бұл бетте «Құндылық» атты Алпысбай Әбділұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мықтыбектің сұрағы,
Ылғи дайын тұрады.
Ата, неге киіз үй,
Дөңгелек?- деп сұрады.
– Дөп-дөңгелек киіз үй,
Жұмыр жерді нұсқайды,
Қарап тұрсаң біздің үй,
Ай-күнге де ұқсайды.
Тақияны мендегі,
Кимесем бас жаурайды.
Бас – глобус, тақия –
Киіз үйден аумайды.
Әлемдегі керемет,
Емес үздік биік үй.
Жер шарының Эверест –
Тақиясы – киіз үй!
– Дөп-дөңгелек пішіннің,
Сырын, ата, түсіндім.
Тақияны пішкен сай,
Бәрі жақсы көре ме?
Киіз үйді кішкентай,
Көтеремін төбеме!
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі