«Ж» - деген қызға
Бұл бетте ««Ж» - деген қызға» атты Аманжол Әбдіхамитұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ғашықпын мен қазақ қызға, қымбатты,
Хор қызындай сұлу әрі сымбатты.
Қап-қара қас, боялмаған тәтті ерін,
Көрген кезім — ең бақытты сәттерім!
Бет-әлпеті хас сұлу ғой, аппақ-ай,
Қысты күні төгілген бір ақ қардай.
Қарап тұрған көзқарасы адамға
Жылулық пен бақыт сыйлап жатқандай.
Алла берген дауысы бір мақпалдай,
Жүрегіме майдай үні жаққаны-ай!
«Аға» деген бір-ақ ауыз сөзімен
Жүрегімді ұрлап алды, ойпәлі-ай!
Ғашықпын мен Ж***** деген бір қызға,
Айтпас едім, өмір, әттең, тым қысқа.
Бекежандар Жібегімді тартып алып,
Төлегендей қапы қалған дұрыс па?
‼️ Өлеңді көшіріп алуға, және оқуға рұқсат, бірақ автордың аты аталуы не жазылуы міндетті ‼️
🔥🔥🔥