Әнге ода

Бұл бетте «Әнге ода» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өмiр өзi өлтiргенде
Бойыңдағы пәк сезiмдi,
Тамырынан тiрiлтетiн
Ән, ән ғана, ән ғана!
Өмiр өзi ылайласа
Бойыңдағы бұлағыңды,
Бастауынан тұндыратын
Ән, ән ғана, ән ғана!
Мен ұшқанда, сен ұшқанда,
Ол да ұшқанда бұл ұядан,
Соңымыздан жаңғырығар
Бiз айтқан ән, ән ғана!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері