Арзу
Бұл бетте «Арзу» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күн артынан келер емес күн қайтып,
Кеткенімен әлдеқайда асығып:
Әр мезеті қасіретімді ұлғайтып,
Әр мезеті түн ұйқымды қашырып.
Үнсіз, тілсіз бойға уытын жайды мұң,
Көздегі жас көңілімді қорғайды.
Менің жаным тұтқынында қайғының,
Ләззатым да болар, бәлкім, сол қайғы?..
Қас қағым сәт!
Қанша өтсең де аз әлі,
Соған бола бүлк етпейді бүйрегім.
Маған қымбат махаббаттың азабы
Және кәміл өле-өлгенше сүймегім!
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі