Қиял, қиял... қиял ғана өміршең

Бұл бетте «Қиял, қиял... қиял ғана өміршең» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қиял, қиял... қиял ғана өміршең,
Ақиқаттың көздерінен қаймығам.
Жұлдыз маған, мен жұлдызға көрінсем,
Жан айқайын айтқызбай-ақ жәйді ұғам.
Көркем қиял, еркем, қиял, дәмі – бал,
Менің арзу-арманымды қабыл ал!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері