Ауыр-ауыр қайғыдан ұйқы ғана алаңсыз

Бұл бетте «Ауыр-ауыр қайғыдан ұйқы ғана алаңсыз» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ауыр-ауыр қайғыдан ұйқы ғана алаңсыз,
Тану қиын жалғанда жақсыларды жамансыз.
Көзім енді ашылды, көрмек едім көркіңді,
Көңілімнің көліне шемен қонып, шер тұнды.
Алла бізді әртүрлі жаратты екен неліктен?
Айуаннан да, іздесең, табылады көрікті өң.
Мынау дүние шіркінде – алмағайып, қас қағым,
Байқап жүрген жайым бар күлкінің
не астарын...
Көзім неге ашылды, ұйқым қайда алаңсыз?
Үйіп-төгіп қайғыны бердіңіз ғой маған сіз...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері