Етігің де қып-қызыл, орамал да
Бұл бетте «Етігің де қып-қызыл, орамал да» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Етігің де қып-қызыл, орамал да...
Тола батып сен кеттің топ адамға.
Көз көргенім көшенің көмейіне
Осылайша күмп беріп жоғалар ма...
Енді қайтып белгілі көре алмасым,
Енді қайтып белгілі оралмасың.
Көкемайлап қаларсың,
Көзмоншағың.
Көл түбіне шым батып жоғалғасың...
Көріп қалып көрмеуге қиясың ба,
Көрмеген соң көшеге сиясың ба?
Көшеге де, маған да көзін салмай,
Күн де асығып барады ұясына..
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі