Қарағанды – мәдениет пен өнердің бастауы

Бұл бетте «Қарағанды – мәдениет пен өнердің бастауы» атты Әділет Айданбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сыр ақтарып ғашық жандай өлең жаздым, Бұрынғы ақындардың қалыбымен.
Қара өлең ұйқасына саламын,
Туған елім жайындағы өлеңімді.
Сен дегенде тебіренем, толғанамын,
«Бір ғана өлең» шығармасам – кіммін мен?! Сенің асыл топырағыңнан жаралғанмын, Сол үшінде сақтап жүрмін жүрегімде:
Сырмызды біз екеуміз ғана білетін,
Жайма-шуақ күндерді де бір кешкен.
Әрбір таныс қуыс-қуыс көшелерді
Танимын ғой, тынысы бөлек екен!
Суық деме, бұл – менің Қарағандым!
Неге екенін білмеймін, сүйемін де,
Бәлкім, сенің топырағыңнан жаралдым, Бәлкім, сенде туып-өстім, аяулым!
Алаш елі саған үміт артады,
Қазағымның абыройы, даңқысың! «Қарағанды – өнер, мәдениет бастауы» деп, Арқаның алыбы деп ардақтайды ел!

Авторы: Айданбек Әділет


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер