Сталин
Бұл бетте «Сталин» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ол — егуші өмірдің игілігін,
Ғасырлардың арылтып ауыр жүгін.
Ол — керемет майданның жеңушісі,
Бақытсыздық, азапты жоятұғын.
Көсем ісі — ерліктің шежіресі.
Көсем сөзі — жеңістің өнегесі.
Көсем аты — халыққа тасқын қуат,
Ойға сәуле, жанға рух, күн сәулесі.
Нұрландырып адамзат болашағын,
Ол — өмірдің жағушы шамшырағы.
Әлемге ашқан ізгілік ғылымдары,
Жүрекке нәр, өмірдің бал бұлағы.
Ол — әлемге мейірімді, махаббатты,
Жаңартушы тарихты, табиғатты.
Асулардан қия-құз алға бастап,
Жетелеуші бақытқа адамзатты.
Ол — тұтқасы өмірдің-станоктың,
Сызып отыр жоспарын келешектің.
Қартаймасын, жасасын жаспен бірге,
Тілегі сол сұраған миллион көптің.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі