Москва

Бұл бетте «Москва» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Москваны араладык,
Зәулім үйлі, кең көшелі,
Жайма шуақ жазда апарып
Сайрандатты анам мені.
Әсем үйлер көкке қарап,
Не тамаша қатарланып,
Әшекейлі сән-салтанат
Өскен гүлдер тұр жайқалып.
Көшелермен асфальтталған,
Машиналар жұлдызша ағып,
Өтіп жатыр лек-лек адам,
Түнде электр күндей жарық.
Қандай жаксы метродан
Зуылдататып алып ұшқан.
О дағы бір әсем қала
Тарам-тарам жол тоғысқан.
Жыл таянды содан бері,
Шалқып-ұшып өр қиялым,
Москваға жөнеледі,
Мен отырып ойланамын.
Елестетіп мейірленем
Зәулім биік қорғандарын.
Москвада — Кремльде
Әлем сүйген ұлы Сталин.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері