Зияш Қалауова туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.
Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.
Зияш Қалауова (1921 – 1952) - ақын. 1921 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданына қарасты Ащысай кенішінде дүниеге келген. Бала күнінен ақындыққа жаны жақын болған Зияш Қалауова 1932 жылы Шәуілдір ауданындағы бұрынғы «Кеңес» колхозының жеті жылдық мектебіне оқуға барады. Мектепте оқып жүріп, 13 жасар ақын қыз 1934 жылы Қазақстан Жазушыларының I съезіне қатысады. Өз заманында бұл жағдай елді елең еткізген оқиға болатын.
Алматыда 1939 жылы өткен Қазақстан Жазушыларының II съезінің делегаты болып сайланып, тағы да зиялы қауымның назарына іліккен еді. Осы съезден соң Зияш Қалауова 17 жасында Қазақстан Жазушылар Одағына мүше болып қабылданады. Ақындықты жанына серік еткен Зияш Қалауова өмірде ұстаздық жолды таңдады. Түргендегі мұғалімдер курсын оқып, жоғары білімін Абай атындағы педагогикалық институтта жалғастырды. Еңбек жолын Ұйғыр ауданындағы Ақсу мектебінде мұғалім болып бастаған. Небәрі 31 жыл өмір сүрген ақын артына мол мұра қалдырды. Оның «Шолпан», «Кавказ шыңында», «Бейбітшілікті сүйеміз», «Алғыс» атты жыр жинақтары соғыстан қалжыраған халықтың рухын көтеруге өз үлесін қосты.
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі