Мұғалім
Бұл бетте «Мұғалім» атты Зияш Қалауова жазған ұстаз туралы өлең берілген.
Әр баланың ой-құлқын байқап, танып,
Қайтсе білер екен деп қиялданып,
Оқу, жазу, ұқтыру жобалардан
Сан тәжірибе сабаққа жүр қолданып.
Оқушының байқаса білмегенін,
Түптеп қазып, тексеріп не себебін,
Дәлелдеуден, айтудан жалыға ма,
Тағы үйретіп үлгісін өнегенің.
Кейбірі өжет, кейбірі момақандар,
Бір класта мінезі түрлі жандар,
Ұждан, ойы сыбырлап мұғалімнің,
Деп тұрғандай ерекше сырын аңғар.
Тәрбиелеп өмірдің болашағын,
Қамқоры боп жаяды бар құшағын,
Нұсқап шыңын ғылымның қиядағы
Тәй-тәйлеген аттатып баспалдағын.
Еңбегінің жемісі елден бөлек,
Өсіретін сан мыңды тәрбиелеп,
Қасиетті, құрметті ұстаз атақ
Қайнар қуат халқына берген көмек.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі