Көктем
Бұл бетте «Көктем» атты Зияш Қалауова жазған табиғат туралы өлең берілген.
Жайдары жүз, нұрлы көктем,
Жылы жібек ескен желі.
Күн жарқырап көк жиектен
Тулап ақты тау өзені.
Қырда қызыл гүл жайқалып,
Шық мөлдіреп жасыл шөптен.
Көк шатырлап буырқанып,
Меруерттей жауын төккен.
Қара бұйра будақталып,
Көк торғында бұлты көшкен.
Ақ жібектей шумақталып,
Бозғыл тұман тауға шөккен.
Алма бағы гүлін жарып,
Таза ауаға жұпар сепкен.
Барлық әлем бір жаңарып,
Жан біткеннің көңілі өскен.
Балалар да бойын жазып,
Көк майсаға салады асыр.
Гүл тереді тауға барып,
Бәйшешегі қызыл-жасыл.
Құлын ұстап, қозы қуып,
Төл күтісіп қуанышпен.
Өрби өскен мал мыңғырып,
Жаңа көктем – жаңа іспен.
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі