Біз бейбітшілікті сүйеміз
Бұл бетте «Біз бейбітшілікті сүйеміз» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жасыл торғын жамылып жазға қарай,
Мен сүйемін орманның жасарғанын.
Күн шыққанда қызарып алтын арай,
Егістікте қыздардың ән салғанын.
Мен сүйемін әжелер үй жағалап,
Ертегі айтып немере ойнатқанын.
Қанатымен қаз-үйрек су сабап,
Ертіп өрген кездерін балапанын.
Мен сүйемін ырғалған егістікті,
Керуендер қатарын астық тартқан.
Күй төгетін қойшылар сыбызғысын,
Көк шалғында табынды қырда баққан.
Мен сүйемін лапылдап домналарда
Шалқығанын гүрілдеп қызыл жалын.
Вагондардан төгіліп тонна-тонна,
Кен мен көмір заводқа құйылғанын.
Сом болаттар күн сайын керек іске,
Аму, Еділ құруға каналдарын,
Жасамаймыз біз құрал қан төгіске;
Көркейтеміз халықтың болашағын.
Бұл бақытты тыныштық жасау үшін,
Миллиондар тілейді бейбітшілік.
Қоса шыңдап құрыштай қуат-күшін
Қайғы-мұңсыз жасауға күндей күліп.
Диқан, ғалым, бақташы адал жанды,
Коммунизм құрушы иелері.
Сүйген өмір сүруді, Ұлы Отанды
Төгілгендер еңбекпен маңдай тері.
Маршалл, Даллес, АҚШ-тың Трумэні,
Ары-жаны табынған мансап, доллар.
Өлім, апат, қан төгу — іздегені,
Жан ұшырып соғысқа салады жар.
Бейбітшілік вахтада тұр Сталин,
Туын ұстап жоғары коммунизм.
Жарқыратып бақыттың шамшырағын,
Игілікке шақырып жердің жүзін.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі