Шыңға асық, көкке ғашық қыран ем

Бұл бетте «Шыңға асық, көкке ғашық қыран ем» атты Алпамыс Файзолла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шыңға асық, көкке ғашық қыран ем,
Кеудем толы – бұлт секілді жаумаған.
Асқарлардан асқақтықты сұрап ем,
«Әкеңнен ал!» – деді бірақ тау маған.

Қалықтауды аңсағанда қанатым,
Лап етердей шоқтанам.
Найзағайдан от сұрадым жанатын,
Күркіреді: «Әкеңе бар!» – деп маған.

Жігерімді өткірлеген қайрағым,
Жер жүзінде атағың тұр дүрілдеп.
Арыстаннан сұрап едім айбарын,
«Әкеңде бар!» – деді маған гүрілдеп.

Қалың ну да айтты сондай өсиет,
Қойнауымнан шыққан жырды құт қылып.
Әкемде екен барлық асыл қасиет,
Әкемде екен кіреукедей мықтылық!

Алдым одан бәрін – өрлік, айбаттың.
«Әке» деген Алатаудай ұлы ұғым.
Қорқаулардан қаймықпайтын қайраттым,
Тармақталған мүйізіндей бұғының.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері