Арман қала - Астана

Бұл бетте «Арман қала - Астана» атты Ахат Кендебай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тәуелсіздік белгісіндей бой көтерген жас қала,
Қазақ елі туын тігіп ардақтаған Астана!
Жұлдыз болып қадалғандай сайын дала төсіне,
Бүкіл әлем көзін тігіп таңдай қаққан Астана!

Ата-бабам арман еткен арман қала – Астана,
Ертегідей сәулетімен тамсандырған Бас қала.
Ақ шағала үмітімді қалықтататып аспанда,
Бейбіт елді бесігіңде тербете бер Астана!

Қайырмасы:
Ашық аспан, нұры тасқан
Отанымның ақ ордасы Астана!
Бағы жанған, кие қонған
Арқадағы Алты алаштың бесігісің Астана!
Жас қаласың, бас қаласың
Нұрын шашқан Астана.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері