Бұхар жырау

Бұл бетте «Бұхар жырау» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бұхар жырау отты адам,
Қорықпаған бопсадан.
«Әй Абылай!» - дегенде,
Абылай да тоқтаған.
Хан, батырлар кұллі,
Оған құлақ түрді.
Тоқсан жасқа дейін,
Орда ішінде жүрді.
Ұқсап жанды шамға,
Жыр толғады таңға.
Қаймықпастан жеткізді,
Халық мұңын ханға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері