Махамбет Өтемісұлы

Бұл бетте «Махамбет Өтемісұлы» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Айта берсем атаң көп,
Соның бірі Махамбет.
Ол да жауын жайратқан,
Исатаймен қатар кеп.
Жорықтардың кешегі,
Батыры да, шешені.
«Хан емессің, қасқырсың...» -
Деген ерің осы еді.
Жорықтардың кешегі,
Батыры да, шешені.
«Еңку-еңку жер шалмай...» -
Деген ақын осы еді.
Бойында бар батылдық,
Жарқылдатты жасын қып.
Қос қанаты еді ғой,
Батырлық пен ақындық.
Жауға найза салғанда,
Қан сасыған майданда.
Махамбеттің айбаты,
Болу керек бар жанда!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері