Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Абай Құнанбайұлы» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Абай атам ұлы,
Ұлы Алланың құлы.
Бүкіл қазақ даласын,
Кетті аралап жыры.
Жақ болды ол аққа,
Қызықпады таққа.
Болам десең кемеңгер,
Ата өлеңін жатта.
Менен алсаң кеңес,
Елдің қамын жеп өс.
Абай сөзін білмеген,
Нағыз қазақ емес!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері