Әлихан Бөкейханұлы

Бұл бетте «Әлихан Бөкейханұлы» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Болды Әлихан көсем,
Сөз бастаған шешен.
Ол тұрғанда елге,
Кеткен емес есем.
Бірде Қызыл, бірде Ақ,
Болды елімді қырмақ.
Өткен ғасыр болды ол,
Тәуелсіз ел құрмақ.
Айтқанында тұрды,
Ұлтқа мойын бұрды.
Алаш Орда деген,
Үкіметті құрды.
Жауы болып күшті,
Сергелдеңге түсті.
Қазақ үшін туған ер,
Болып шықты «істі».
Жалған айып тақты,
Абақтыға жапты,
Сатылмады, сатпады,
Ақыры жау атты.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері