...жақсысы
Бұл бетте «...жақсысы» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жемістердің жақсысы,
Қарбыз бенен қауын.
Мекеніңнің жақсысы,
Далаң менен тауың.
Құстарыңның жақсысы,
Бүркіт пенен сұңқар.
Аң мен малдың жақсысы,
Жолбарыс пен тұлпар.
Төлдеріңнің жақсысы,
Құлын менен кұшік.
Киіміңнің жақсысы,
Бөрік пенен ішік.
Жерлеріңнің жақсысы,
Атырау мен Арқа,
Азығыңның жақсысы,
Қазы менен қарта.
Суларыңның жақсысы,
Көлдер менен бұлақ.
Сусыныңның жақсысы,
Қымыз бенен шұбат.
Қамқорыңның жақсысы,
Әже менен ата.
Тілектердің жақсысы,
Ата берген бата.
Кітаптардың жақсысы,
Көркем «Абай жолы».
Ал, баланың жақсысы,
Білген бала соны!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі