Есік

Бұл бетте «Есік» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көмектесем анама,
Тербетемін бесікті.
Кіріп-шықсам далаға,
Жауып жүрем есікті.
Кілемдерді қақпасам,
Шаң басады үнемі.
Жазда есікті жаппасам,
Үйге шыбын кіреді.
Босағадан аттасам,
Көрем әппақ даланы.
Қыста есікті жаппасам,
Атам тоңып қалады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері