Сиырлар

Бұл бетте «Сиырлар» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жел соғады кейде үдеп,
Қыс көрпесін жаяды ақ.
Қыста сыйыр жейді деп,
Шөп жиды атам маялап.
Атам қырға жол шекті,
Отқа жағар қи іздеп.
Ал, сыйырлар сол шөпті,
Шашып жатыр мүйіздеп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері