Тай жарыс
Бұл бетте «Тай жарыс» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ауылы алыс күздің,
Жемісін жер үзіп.
Көк жайлауда біздің,
Жарыс болды қызық.
Дана деген бала,
Тайға мініп шапты.
Құстай ұшып дала,
Артта қалып жатты.
Қызды тайдың қаны,
Шықты иісі тердің.
Бұрқырады шаңы,
Тұяқ тиген жердің.
Әлі дөң мен сай бар,
Дана қазір алды.
Артта қалған тайлар,
Шаң астында қалды.
Шабандозды танып,
Келе жатқан зулап.
Көмбедегі халық,
Ұран салды шулап.
Сөйтіп тайы оның,
Оқ бойы озып келді.
Алды тіккен жолын,
Таң қалдырып елді.
Әжесі ұлға пана,
Жұмылғанша көзі.
Қуанып жүр Дана,
Жүгіргендей өзі.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі