Жақсы әріп пен «жаман» әріп

Бұл бетте «Жақсы әріп пен «жаман» әріп» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ұят болды тілім келмей,
«Сиыр»-ға да, «қыр»-ға да
Әріптердің бәрі жақсы,
«Жаманы» тек «Р» ғана.
Ұят болды тілім келмей,
«Айыр»-ға да, «сыр»-ға да.
Әріптердің бәрі оңай,
Ең қиыны «Р» ғана.
«Р» болмаса, алфавиттің,
Болары хақ бірі кем.
Бар әріпті дұрыс айтам,
«Р»-ға келсем мүдірем.
Оңашада бар дауыспен,
«Р»-ға кейде басамын.
Кісі барда «Р» бар сөзден,
Тонымды ала қашамын:
Қаша-қаша ұқсап кеттім,
Тазы қуған түлкіге.
«Р»-ды «И»-деп айтып салып,
Қалам ба деп күлкіге.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері