Сан үйрету

Бұл бетте «Сан үйрету» атты Ауыт Мұқибекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

-Нөл, – деші.
-Нөл!
-Сан үйретем кел!
-Бір, – деші.
-Бір!
-Мектепке кеп кір!
-Екі, – деші.
-Екі!
-Жақсы оқуға бекі!
-Үш, – деші.
-Үш!
-Жина бойға күш!
-Төрт, – деші.
-Төрт!
-Өшір болса өрт!
-Бес, – деші.
-Бес!
-Сабақтан қалма кеш!
-Алты, – деші.
-Алты!
-«5» алып шалқы!
-Жеті, – деші.
-Жеті!
-Алған ұят «2»!
-Сегіз, – деші.
-Сегіз!
-Ініңе тамақ жегіз!
-Тоғыз, – деші.
-Тоғыз!
-Қолыңа ал қобыз!
-Он, – деші.
-Он!
-Сан білгенің жөн!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері