Құстар қайтқанда

Бұл бетте «Құстар қайтқанда» атты Алпысбай Әбділұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Табиғаттың сәніне,
Қарасаң көз тойғандай.
Ағаштардың бәріне,
Алтын іліп қойғандай.

Күрсінді атам жатты да,
Төсегінен бір ауынап.
Шаңырақтан көп тырна,
Көрінді әне тыраулап.

Қанаттылар тізілді,
Дегендей-ақ қонақпыз.
Көктен жаңбыр үзілді,
Жылап қалды жомарт күз...

Жылы жаққа жеткенде,
Бізден сәлем айтыңдар.
Ертерек гүл көктемде,
Туған жерге қайтыңдар.

Күліп көктем келгенде,
Құшақты кең жаямыз.
Сағынышпен сендердерге,
Ұя жасап қоямыз!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері