8-Наурыз
Бұл бетте «8-Наурыз» атты Алпысбай Әбділұлы жазған мерекеге арналған өлең берілген.
Көйлек киіп жасылдан,
Көктем тербер даламды,
Ең алдымен асыл жан -
Құттықтаймын анамды.
Әлпештеген анамның,
Қандай ыстық құшағы!
Жасай бер деп, балам, мың
Құшағына қысады.
Келген шақта гүл көктем,
Қалай құр-бос жатасың?
Гүл сыйлап ем құрметпен,
Әжем берді батасын.
Алтын ұям ардақты -
Ұстаз барда бұл мектеп.
Мұғалімге салмақты,
Тілек айттым құрметтеп.
Гүл жасадым қағаздан,
Алғаным жоқ ақшаға.
Қарындасым Мағаз жан,
Қуанып жүр бақшада.
Арнап әсем бар әнді,
Шаттандырам өстіп мен.
Басқа күндер анамды,
Қуантамын «бестікпен!»
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі